Бас жаңалықтар
Қазақстандықтар ардагерлерді 9 мамыр мерекесімен құттықтап жатыр
08 Мамыр 2021, 13:27 564

Қазақстандықтар ардагерлерді 9 мамыр мерекесімен құттықтап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 мамыр қарсаңында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасына қатысушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады.

Қазақстандықтар ардагерлердің үй-жайын тазартып, оларға азық-түлік пен медикаменттерді сатып алып берді, соғыста опат болған батырлардың құрметіне әлеуметтік желілерде фото мен видео жариялап, акцияға қатысты. 

Ал мектептерде «Ардагерлермен қалай жұмыс жүргізу керек» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Дәстүр бойынша құттықтауға бизнес құрылымдардың да өкілдері қосылды. Зор денсаулық пен рух мығымдылығын тілей отырып, сүт өнімдерін шығаратын ірі холдинг ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне сүт өнімдерінің 40 бірдей жиынтығын сыйға тартты. 

Құттықтауға арналған жиынтықтар Алматы қаласындағы «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыстың балалары одағы» Қоғамдық қоры мен Нұр-Сұлтан қаласының Ардагерлер одағы арқылы санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуымен жеткізілді.


Шұжықтың түр-түрін шығаратын компания ең қажетті тауарлардан тұратын азық-түліктің 170 жиынтығын қайырымдылық көмек ретінде бөліп отыр.

Компания өкілінің хабарлауынша, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінен бөлек, көмек Павлодар облысындағы Ауған соғысының ардагерлеріне, Чернобыль АЭС-тағы апат салдарын жоюға қатысқандарға, сонымен қатар зейнеткерлерге де берілген.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамашылық етуімен осы жылдың ақпанынан бастап іске асырылуда. Марафон жақсылық жасауға жігерлендіру үшін адамдар мен ұйымдарды біріктіруді көздейді. Жоба жомарттық пен жақсылық идеясын негіз етіп алатын бірлестік құруға ұмтылады, себебі бұл қасиеттер қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін әрекеттерге жетелейді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...