Қазақстандықтар Димашты әуежайдан ыстық ықыласпен күтіп алды

12 Желтоқсан 2019, 19:19
7772
Бөлісу:
Қазақстандықтар Димашты әуежайдан ыстық ықыласпен күтіп алды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін АҚШ-тан елге оралған Димаш Құдайбергенді Назарбаев халықаралық әуежайында бір топ жанкүйері ыстық ықыласпен күтіп алды.


Әуежайда адам қарасы көп. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін Димашты тағатсыздана күтіп тұр. Димаш әуежай терминалына кіргенше жанкүйерлері Димаш деп айқайлап сүйікті әндерін бірге шырқады. 

Құр келмей сүйікті әншілеріне құшақ-құшақ гүл шоқтарын, арнайы сый-сияпаттарымен келген. Темірлан мен Мира Тіленбаевалар Димашқа шапан әкелді. 
Анам Димаш Құдайбергеннің жанкүйері. Ол кісі үлкен, операциядан соң келе алмады. Күн сайын Димашты тыңдаймыз. Оның әртүрлі тілде айтқан әндері, домбырада ойнағаны ұнайды. Жапонияға барғанда әуежайда ақпаратты қазақ тілінде жазды. Димаш өнер көрсеткенде де қазақша амандасып, қазақша сөйлейді. Ол біздің мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, жалпы Қазақстанды әлемге танытып келеді. Туризм елшісі атағы Димашқа өмір бойы берілуі тиіс деп санаймын, - дейді Темірлан.
дишап.jpg

Зивагүл Тәңірберген Димаш арқылы әлем қазақ халқын танып жатқанын айтады. 
Димашқа жазған пікірлерді қарасақ «қайдан келген?» деп таңқалып жатады. Ол кісілер әлемде қазақ деген халық барын, қанына біткен әнші, ақын екенін, болмысы сондай жаны жарқын, өнерге жақын екенін білмей келді. Енді Димаш арқылы, жаңа шығып жатқан әншілер арқылы танып жатыр. Димашты көтеру, мадақтау, еңбегін бағалау біздің қолымызда. Халық шамасы келгенше көтеріп жатыр. Өзіңіз көріп отырғандай мына жерге қанша адам келіп отыр», - дейді зейнеткер. 
ди2.jpg

 Өлкетанушы Майра Макибаева болса қазақстандық композиторлардың Димашпен жұмыс істегенін жөн санайды.
Игорь Крутой біздің Димаштың жанында жүріп керемет өлеңдер шығарып, шабыттанып жатыр. Димаш біздің композиторларымызбен де жұмыс істесе екен. Ұлттық және классикалық өлеңдері бар мұндай репертуар ешкімде жоқ, - дейді ол. 
ди3.jpg

Раушан есімді әже бүгін Димашты көру үшін Алматыдан арнайы келген. 
Әдейі Астанаға Димашты көруге келдім. Жазда Димаштың концертіне бара алмадым. Соған өкінемін. "Дайдидау" мен "Самалтау" әндерін жақсы көремін. "Самалтауды" естігенде көзіме жас келеді, - дейді ол.
ди4.jpg



Өзгелердің жаңалығы