Қазақстанға ұшып келген 2 жолаушыдан КВИ анықталды

26 Қараша 2020, 10:40
1372
Бөлісу:
Қазақстанға ұшып келген 2 жолаушыдан КВИ анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Көліктегі санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы 25 қарашада Қазақстанға 12 халықаралық әуе рейсі қонды: Египет, Түркия, РФ, Корея, БАӘ, Нидерланды, Беларусь, Өзбекстан.

1026 жолаушының 921-інде ПТР-тест нәтижесі теріс деген анықтамасы болды. Ал Қазақстанның 105 азаматында анықтама болмады. 

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайына - 6 рейс, 507 жолаушы, 431 - анықтамамен, 76 - анықтамасыз;

Алматы қаласы әуежайына - 5 рейс, 420 жолаушы, 391 - анықтамамен, 29 - анықтамасыз;

Атырау қаласы әуежайына - 1 рейс, 99 жолаушы, бәрі - анықтамамен.

Қазақстанға тиісті анықтамасыз келген азаматтар карантиндік стационарға орналастырылып, КВИ-ге тест тапсырды. Оның нәтижесі бойынша екі жолаушыда коронавирус анықталды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы