Бас жаңалықтар
Кеден әкімшілігі Дүниежүзілік кеден ұйымы фотобайқауының жеңімпазы атанды
25 Ақпан 2021, 19:14 315

Кеден әкімшілігі Дүниежүзілік кеден ұйымы фотобайқауының жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДКҰ Бас хатшысы Кунио Микурияның өз қолымен жазған құттықтаулары мен кәдесый Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Ұйым басшысы конкурстық жұмыс COVID-19-ға қарсы күресте әлемдегі кеден қызметінің маңызды рөлін айқын көрсеткендігін атап өтеді.


Әрине мен сіздерге дипломды ДКҰ Кеңесінің сессиясы кезінде жеке өзім тапсырғым келген, бірақ 2020 жылы бізде мұндай мүмкіндік болмады. Осыған байланысты сізге дипломды пошта арқылы жіберу мен үшін үлкен мәртебе, және сіздермен жақын арада кездесемін деп үміттенемін, - деп жазды Кунио Микурия құттықтау хатында.
Жеңімпаз суретте кеден қызметкері өзінің адал досымен бірге COVID-19 таралуына байланысты тәуекелге қарамастан жұмыс күнін бастайтыны бейнеленген.



Байқау суреті «My Loyal Friend» / «Менің адал досым» деген атауға ие болған. Суретті Алматы қаласы бойынша МКД түсірген.

Еске салайық, фотобайқауды Дүниежүзілік кеден ұйымы (Брюссель қаласы) ұйымдастырып, оған ДКҰ-ға мүше 76 ел қатысқан.


Қатысушылардың барлық суреттерін мынасілтеме бойынша көруге болады  (Қазақстаннан жіберілген сурет тізімде №31).



Фото: дереккөз
Загрузка...