Бас жаңалықтар
Қазақстанның үш облысында үсік жүреді
08 Мамыр 2021, 06:20 763

Қазақстанның үш облысында үсік жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның үш облысында түнде аяз жүреді, соған байланысты ескерту жарияланды.

Ақмола облысында күндіз, 8 мамырда кей жерде найзағай ойнап, жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерде -2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, 2 градусқа дейін нөлден төмен температура Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында болады.

Қарағанды облысы мен Жезқазғанда 8 және 9 мамырда ескерту жарияланды. Мұнда жел секундына 20 метрге дейін жетіп, найзағай соғады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...