Атыс болған Қазандағы бірнеше мектепке мина қойылғандығы хабарланды

15 Мамыр 2021, 18:22
2358
Бөлісу:
Атыс болған Қазандағы бірнеше мектепке мина қойылғандығы хабарланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Казан қаласының бірнеше мектебінің оқушылары эвакуацияланды.

Бұл туралы Қазан қаласы мэриясының баспасөз қызметі хабарлады.

Оған мектепке мина қойылды деген хабарлама себеп болған. Хабарлама алған әр мектеп оқушыларды дереу эвакуациялап, оқиға орнында арнайы қызмет жарылғыш затты іздестіру жұмыстарын жүргізді. 

Кейін қала мэриясы ақпараттың жалған болғандығын мәлімдеді. 

Бұған дейін Қазан қаласындағы №27 мектептің 80 оқушысы жарылғыш зат қойылды деген ақпаратқа байланысты эвакуацияланған болатын. Ол жолы да ақпарат жалған болып шықты.

Айта кетейік, Қазанның 175-гимназиясында 11 мамыр күні қайғылы жағдай болды. Мектепке оның бұрынғы түлегі - 19 жастағы Ильназ Галявиев келіп, балалар мен мұғалімдерге оқ жаудырды. Салдарынан 9 адам көз жұмып, 20-дан астам адам ауруханаға түсті. 

Галявиев тұтқындалды. Оған қатысты РФ ҚК 105-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған істі тергеумен РФ Тергеу комитетінің орталық аппараты айналысып жатыр.

Жақында қылмыскердің әпкесі оның қандай бала болғанын айтып берді.

Кеше 9 жастағы балаға 5 сағаттық операция жасалып, хирургтар оның омыртқасынан оқ алып шыққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы