ҚазАвтоЖол-ға жаңа төраға келді

22 Сәуір 2021, 19:13
1274
Бөлісу:
ҚазАвтоЖол-ға жаңа төраға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асқар Маратұлы «КазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ол 1976 жылы дүниеге келді. ШҚО Техникалық университетінде «экономика және транспорттағы менеджмент» мамандығын, сондай-ақ Л. Гончаров атындағы Қазақ автокөлік-жол университетінде «автокөлік жолдары мен аэродромдар құрылысы бойынша инженер» мамандығын алып шыққан.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған.

1998-2002 жылдары Көлік және коммуникациялар министрлігінде жетекші маман, кейіннен бас маман, бөлім басшысы, Автомобиль жолдары басқарма комитеті басшысының орынбасары болды.

«Казахавтодор» Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстары филиалдарының директоры қызметтерін атқарды.

2007-2012 жылдары Астана қаласы автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің сарапшысы болды.

2012-2015 жылдары Ақмола облысы автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2015-2017 жылдары Зеренді ауданының әкімі болды.

2017-2019 жылдары Ақмола облысы автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019 жылдың 3 сәуірінен бастап осы уақытқа дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Жақында «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылған болатын.


Өзгелердің жаңалығы