ҚАЖ қызметкерлерінің еңбегі еленді

25 Қараша 2020, 17:05
1442
Бөлісу:
ҚАЖ қызметкерлерінің еңбегі еленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шара ҚР ІІМ еңбек сіңірген зейнеткері, әділет полковнигі Толқын Нарымбиевтың марапаттаумен ашылды. Толқын Мадиярұлы қызмет еткен жылдары жоғары кәсібилігін, қызметтік борышын үлгілі атқарған.

каж1.jpeg

ҚАЖ-дағы негізгі қызметін Толқын Мадярұлы елордалық департаментте бастады. Департаменттің жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, тылдық және қаржылық қамтамасыз ету қызметіне жетекшілік етті, қойылған міндеттерді шешуге елеулі үлес қосты. Оның кәсіби тәжірибесін бүгінгі күнге дейін департаменттің қазіргі қызметкерлері өз қызметінде пайдаланады.

Пандемия кезінде жоғары кәсібилік, жинақылық және жауапкершілік, күрделі жағдайда сапалы қызмет атқару қабілетін көрсетіп, сіздер үшін шешілмейтін міндеттердің жоқтығын іс жүзінде дәлелдедіңіз. Жанқиярлық еңбегіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз, сіздің отбасыларыңызға денсаулық, біздің қиын еңбегімізде өзара түсіністік пен жоғары көрсеткіштер тілейміз, - деді  әділет полковнигі Ернат Кенжеханұлы.

Өзгелердің жаңалығы