Бас жаңалықтар
Қазнет қауіпсіздігі: Интернет-ресурстарының қауіпсіздігі тегін қорғалады
13 Сәуiр 2021, 16:48 186

Қазнет қауіпсіздігі: Интернет-ресурстарының қауіпсіздігі тегін қорғалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

2020 жылдың қазанында 45 мыңнан астам домендік атау серверлік қондырғының талабын бұзды. 

Жұмыс аясында 28 мың домендік атау бойынша ақау жөнделді. Бүгінгі таңда 16 700 домендік атау талапты бұзып отыр. 2021 жылдың ақпан-наурыз айларында мыңдаған домендік атауды тоқтату бойынша бірінші кезең жүзеге асырылды. Оның нәтижесі бойынша 704 домендік атау ақауларын жойды. Қалған 286 домендік атаудың қызметі тоқтап тұр, - деді ол. 

Әбдіхалықов атағандай, 31 наурызда жұмыстың екінші кезеңі басталды. 

1424 домендік атауға ақауларды шеттету бойынша қосымша ескерту жіберілді. Олар талаптарды орындамаған жағдайда жұмыс тоқтатылады. Домендік атау иелерінің назарын аудартатын жағдай, Қазнеттің қауіпсіздігі мақсатында Webtotem отандық жүйесі арқылы қазақстандық интернет-ресурстарды қорғауды қайтарымсыз қызмет жүзеге асырады. Ол үшін Webtotem ЖШС-ға өтінім жіберу керек немесе ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгіну керек, - деді ол. 

Комитет төрағасы айтқандай, бұл қызмет шетелде үлкен сұранысқа ие. 

Соңғы айда АҚШ-та домендік атау бойынша қызмет 100 мың долларға сатылды. Ал Қазақстанда ол қызмет тегін көрсетіледі, - деді Әбдіхалықов.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...