Кеңес кезінде халықтар арасында достастық болған жоқ – Познер

20 Қараша 2019, 09:42
2433
Бөлісу:
Кеңес кезінде халықтар арасында достастық болған жоқ – Познер

Алматы, BAQ.KZ. Ресейлік тележүргізуші Владимир Познер КСРО халықты алдап келгенін, әсіресе әр республикадағы халықтар бір-бірімен дос болды деп елді адастырып келгенін айтты. Бұл туралы Лента.ru хабарлады.

Тележүргізуші бұл жайында Бірінші теларнадағы өзінің "Познер" авторлық бағдарламасында айтқан. Оның айтуынша, советтік кезде халықтар достастығы іс жүзінде болмаған.
Бұл советтік мантра болды. Шынтуайтында әр республикадағы түрлі халықтар бір-бірін аса жақсы көрмейтін, ал орыстарды тіптен жақтырмайтын, - дейді ол.
Познер Кеңес одағы ішінде түрлі халықтар арасында келіспеушіліктер болғанын баса айтты.
Грузиндер армяндарды жек көретін, армяндар - әзірбайжандарды, түрікмендер – өзбектерді жақтырмайтын, міне осылай жалғасып кете беретін. Өзін-өзі алдау жақсы нәрсе емес, одан да шындыққа тұра қарау керек. Оны өзіңнен де, өзгесінен де жасырмау керек, сонда ғана көптеген келеңсіздіктен құтыласың, - дейді журналист.
Сонымен қатар, ол орыстар өзге кеңестік республикаларда ондаған жылдар бойы тұрып келгенін және тек орысша сөйлегенін айтты
 Бұл ешқандай достық қатынасқа жатпайды, онда отарлау рухы жатыр, - дейді Познер.

Өзгелердің жаңалығы