Халқымыз басынан өткерген қасіретті жылдар жаңғырығы ұмытылмайды – Әшімбаев

30 Мамыр 2020, 14:18
1873
Бөлісу:
Халқымыз басынан өткерген қасіретті жылдар жаңғырығы ұмытылмайды – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ХХ ғасырдың басындағы тоталитарлық жүйенің салдарынан дәстүрлі тұрмысымыз күшпен өзгертілгені туралы айтты.

Біз 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтеміз. Бұл – халқымыз басынан өткерген қасіретті жылдар жаңғырығы.⁣⁣ ХХ ғасырдың басындағы тоталитарлық жүйенің салдарынан дәстүрлі тұрмысымыз күшпен өзгертілді. Ел ашаршылыққа тап болып, екі миллионға жуық адам көз жұмды. Жүздеген мың қандасымыз туған жерін тастап көшуге мәжбүр болды, - деді ол.⁣⁣
⁣⁣⠀
Саяси қуғын-сүргін жылдары да қазаққа оңай тиген жоқ. Ұлттың көшін бастаған зиялы тұлғаларымыз тар қапастарға қамалды және ату жазасына кесілді. Олардың жақындары да қудалаудан құтыла алмады.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Біз осындай "тар жол, тайғақ кешуден" береке мен бірліктің, сабыр мен төзімнің, үміт пен сенімнің арқасында аман өтіп, ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткіздік. Аз уақыттың ішінде елдіктің іргесін нығайтып, тәуелсіз мемлекет құрдық. Қазіргідей күрделі кезеңдердің өзін абыроймен еңсеріп келеміз.⁣⁣⠀⁣⁣⠀
Қаншалықты қасіретті болса да, төл тарихымызды ұмытуға болмайды. Осыған орай Мемлекет басшысы тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырып отыр.⁣⁣Шын мәнінде, Президентіміз атап көрсеткендей, өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз. Сондықтан тарихтан тағылым алып, ұлт үшін бастарын бәйгеге тіккен арыстарымыздың есімдерін мәңгі ұлықтап өткеніміз жөн.⁣⁣Енді ешқашан мұндай зұлмат болмасын! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!, - деп жазды Мәулен Әшімбаев.


Өзгелердің жаңалығы