Халыққа түсіндіруіміз керек – Тоқаев жаңа тапсырма берді

12 Ақпан 2020, 12:34
1610
Бөлісу:
Халыққа түсіндіруіміз керек – Тоқаев жаңа тапсырма берді
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылы аясында атқарылатын шаралардың маңыздылығын айтып, оны кезекті науқанға айналдырмауды тапсырды.


Ел президенті волонтерлықтың елге адал қызмет екенін насихаттау мен түсіндіру қажеттігін ескертті. 
Волонтер жылы – кезекті науқан емес. Осыны халыққа түсіндіруіміз керек. Еріктілік – ел, қоғам үшін адал қызмет. Волонтерлық халқымыздың өмір салтына айналуы керек. Оны тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі және болашақ сипаты ретінде дәріптеуіміз керек. Еріктілердің бойындағы қайрат, жігер әр азаматты ынталандыруы тиіс. Еліміздегі әр ауыл аймақ осы маңызды жұмыстар тыс қалмайды сенемін. Бұл – ең алдымен өркениетті елдің және зор жауапкершіліктің белгісі. Ғұлама Абай "Адамзаттың барлығын сүй бауырым "деп баршамызға өсиет қалдырды. Волонтер болу – жүректің ісі. Яғни, шынайы ниеттің көрінісі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Біргеміз" фронт-офисінің ашылу салтанатында.

Сөзінің соңында мемлекет басшысы фронт-офиске жиналған волонтерға сенімін білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.
 
Сендерге қолға алған жұмыстардың барлығы дәл осындай еріктіліктің жарқын үлгісі боларына күмәнім жоқ. Мен волонтер жылы аясында ең алдымен еліміздің жастарына зор сенім артамын. Әрдайым абыройлы, әрі табысты болыңыздар. Барлығымыз бірге болайық, - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Осыған дейін президент волонтер студенттердің пән кредиті жабылып, қосымша стипендия алатыны туралы айтты. Тоқаев волонтерлардың басты қызметі – жұмылып жұмыс істеу екенін де айтты.


 
Өзгелердің жаңалығы