Халықаралық әуежайда мүгедектерге арналған лифт жұмыс істемейді – Семей

10 Желтоқсан 2019, 08:50
3470
Бөлісу:
Халықаралық әуежайда мүгедектерге арналған лифт жұмыс істемейді – Семей
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей халықаралық әуежайында мүгедектерге арналған лифт жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды altaynews.kz.

Бұл туралы шаһар тұрғындарының бірі «Instagram» желісі арқылы шағымданған. Тіпті бейнежазба да жүктепті.

Семейдегі әуежай. Мүгедектерге арналған лифтінің есігін ашқанымыз үшін бізге ұрсып жатыр. Лифт жұмыс істемейді. Міне, осылай көтеріп шығуға тура келеді. Әкімшілік қайда қарап отыр, - деп күрсінді бейнежазба авторы.


Осы мәселеге байланысты әуежайдың әкімшілігіне хабарласқан едік, ондағы жауапты тұлғалар лифттің жұмыс істемейтінінен хабарсыз болып шықты.

Естеріңізге сала кетсек, Семей қаласындағы әуежайды толық жаңғыртып, халықаралық талаптарға сай қайта жөндеу үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, нысан өткен жылы қолданысқа берілген болатын.





Өзгелердің жаңалығы