Бас жаңалықтар
Халық әлеуметтік мәселелерге қатысты жауап ала алмай отыр – министр
17 Шілде 2020, 12:54 755

Халық әлеуметтік мәселелерге қатысты жауап ала алмай отыр – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық әлеуметтік мәселелерге қатысты жауап ала алмай отыр, деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында.

Әлі күнге дейін өте өзекті мәселелер көп. Министрліктердің сайтына келіп жатқан сұрақтар сапасыз қаралып, жауап сапасыз беріледі. Бұл да халықтың наразылығын тудырады. Сапалы жауап көптеген көкейкесті мәселенің шешілуіне қол жеткізеді. Екіншіден, бұл салада жұмыс істейтін әрбір мемлекеттік органның осы салаға жауапты қызметкері бекітілуі керек. Бұл мәселе бойынша күнделікті бір адам жұмыс істемесе, жұмыс нәтиже бермейді. Әр саланың маманы болуы керек. Бұл мәселе өте өзекті болып отыр, - деді ол. 

Министр Президент те халықтың сұрағы мен өтініштеріне жылдам әрі сапалы жауап беру мәселесін көтергенін айтты. 
Бұл мәселені барлық органдар жүйелі түрде қолға алуы керек. Бұл мәселе комиссия отырысында көтеріледі. Бірақ меморгандарға ендігі ретте үлкен сараптамалық қызметтік хат жазатын боламыз. Бұл мәселе түсінбеуге алып келіп отыр. Халық жауап ала алмай отыр. Әсіресе, әлеуметтік мәселелерге қатысты. "Ашық үкімет" порталында заңнамаларды да жүйелі түрде жариялап отыруымыз керек. Бұл бағыт әлі де жүйелі жолға қойылмай отыр, - деді ол.
Осыған дейін министр халыққа ақпарат уақытылы әрі дұрыс жетуі керек екені туралы айтқан. Сондай-ақ ол халықтың мемлекет қаражаты қайда жұмсалатынын бақылауға қақы барын айтты.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...