Бас жаңалықтар
Халықтың табысы төмендеп, кедейлену жүріп жатыр - Сағынтаев
13 Тамыз 2020, 01:36 526

Халықтың табысы төмендеп, кедейлену жүріп жатыр - Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала экономикасының тез қалпына келетініне үміт білдірді. Алайда, карантин қайта жалғасатын болса, оған қарсы төтеп беру оңайға соқпайтын көрінеді.

Біз болжам жасадық. Егер қазір барлығын ашып, бұдан былай карантин болмайды деп үміттеніп отырғанда, осындай жағдайға қайта оралсақ, бұдан да жаман болады, экономика мұндай салмаққа төтеп бере алмайды, – деді ол "Алматы" телеарнасының тікелей эфирінде.

Әкімнің айтуынша, 17 тамызда карантин жеңілдей бастайды және компаниялар аудит пен тексерулерден кейін, яғни 1 қыркүйектен бастап өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар, ол карантин кезінде жұмыстан шығарылғаннан кейін табысынан айырылған Алматы қаласының тұрғындарын жұмыспен қамту қажеттілігін атап өтті.

Менің ойымша, экономика тез қалпына келеді. Біз жұмыспен қамтудың барлық бағдарламаларын ұсынамыз, бұны пайдалану қажет. Бұл мәселе бізді алаңдатады. Халықтың табысы төмендеп, кедейлену жүріп жатыр, бұны мойындауымыз керек. Біз жұмыс орындарын құрып, шағын бизнесті тез қалпына келтіріп, жұмысшыларды жұмысқа алу үшін қолдау көрсетуіміз қажет. Бізде жұмыс істейтіндердің көпшілігі – қала маңындағы тұрғындар, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, ол бүгінгі тікелей эфирде мектептердің қашықтан оқытуға қаншалықты дайын екендігін айтты. Ауруханаларда аласапыран болмауы керектігін және коронавируспен ауыратын науқастардың 55%-ы ауруханаға жатар алдында өзін-өзі емдейтінін алға тартты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...