Бас жаңалықтар
Киевте Жамбылдың 175 жылдығына орай поэзия оқулары өтті
26 Ақпан 2021, 03:17 247

Киевте Жамбылдың 175 жылдығына орай поэзия оқулары өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина астанасы Киевте қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында поэзия оқулары өтті. 

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында жазды.

Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы елшілігімен бірге Жамбыл Жабаев атындағы көпшілік кітапхана ғимаратында поэзия оқуларын өткізді. 

Іс-шараға қатысушылар Жамбыл Жабаевтың қазақ, украин және орыс тілдеріндегі өлеңдерін - «Тарас», «Алатау», «Ұлыма жауап» және тағы басқа шығармаларын жатқа оқып, өмірбаянын айтып берді. 

Сонымен қатар, қазақ тағамдарымен шай дастарханын ұйымдастырды. Жалпыға мәлім, биыл Қазақстан Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтеді. Киев көшелерінің бірі оның құрметіне аталған және «Нивки» саябағында ескерткіш орнатылған.



Фото: дереккөз
Загрузка...