Бас жаңалықтар
Төтенше жағдай: Астанада жолаушылар тасымалы азайды
17 Наурыз 2020, 19:15 296

Төтенше жағдай: Астанада жолаушылар тасымалы азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.

Төтенше жағдайдың жариялануына байналысты күнделікті жолаушылар ағымы, орта есеппен алғанда, осы екі күннің ішінде 30 пайыздан астам төмендеуі байқалады. Елорданың автобус парктері де алдын алу шараларын жүргізуде. Оның ішінде, автобустарды күнделікті негізде соңғы аялдама пунктерінде және бағдардың жүру уақытының соңында көлікті жуу кезінде залалсыздандыру;  жүргізушілердің дене температурасын өлшеу және медициналық тексеру кезінде күнделікті нұсқаудан өткізу; Автобус жүргізушілеріне маскалар берілді, - деді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, қала басшысы тұрғын үйлердегі дезинфекциялау шараларына тоқталды.

КСК-ға тұрғын үй кешеніндегі кіреберістер, баспалдақ қоршауларын, лифтілер, есік тұтқаларын күніне кемінде 2 рет залалсындару тапсырылды. Барлық коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимге ауыстырылды және гигиена шараларымен қамтамасыз етілді, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Бұған дейін, елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада тек азық-түлік дүкендері, көлік жуу мен дәріханалар ғана жұмыс істейтінінХалыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы шектелетінін, сондай-ақ елордада карантин кезінде Қоғамдық тәртіп бойынша қала аумағында патрульдік бақылау күшейтілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол қоймада қанша азық-түлік қоры барын айтып, алдағы уақытта астанаға 1 миллионнан астам бетперде жеткізілетінін хабарлады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...