Әкім Қасымбек ақын Қасымның үйі ашылатынын айтты

19 Ақпан 2020, 16:14
1580
Бөлісу:
Әкім Қасымбек ақын Қасымның үйі ашылатынын айтты

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде "Рухани жаңғыру" бағдарламасының іске асырылуы барысында жерлесіміз, ақиық ақын Қасым Аманжоловтың үйін ашу жоспарлануда. Бұл жайында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек халыққа есеп беруінде жариялады.

Халқымыздың ұлттық құндылықтарын ұлықтау, дәстүрлерімізді дәріптеу және тарихымызды түгендеу басты міндетіміз. Бұл бағытта облысымызда көптеген шаралар атқарылуда. Рухани жаңғыру бағдарламасының "Туған жер" бағыты аясында 125 жаңа нысан салынды, 48 нысан жаңартылды. Облыста археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, бағалы ғылыми жаңалықтар ашылып жатыр. Жас қаламгерлерге, мәдениет пентөнер саласына нақты қолдау көрсету үшін қарағандылық жазушылардың ұсынысымен осы жылдың соңына дейін Қасым Аманжоловтың үйін ашуды жоспарлап отырмыз, - деді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек.

Аталған бағдарлама аясында Ұлытау ауданында үшінші жыл қатарынан халықаралық "Жезкиік" фестивалі ұйымдастырылуда. Қарағандыда жеке кәсіпкердің қаржысымен триотлон парк салынып жатыр, жыл соңына дейін құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл "Рухани жаңғыру" бағдарласымен атқарылған шаралардың бір легі ғана.

Менің ойымша, құрғақ сөздер емес, осындай нақты жұмыстар арқылы ғана жас ұрпақтың ел мен жерге деген сүйіспеншілік сезімін оята аламыз. Рухани жаңғыру дегеніміз осы,- деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы