Үкіметте коронавирус бойынша отырыс өткені жалған – министрлік

29 Ақпан 2020, 14:03
1814
Бөлісу:
Үкіметте коронавирус бойынша отырыс өткені жалған – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде коронавирус мәселесі бойынша, Үкімет отырысы өткендігі туралы ақпарат тараған.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат жалған екенін хабарлайды.

WhatsApp мессенджерінде коронавирус бойынша Үкімет отырысы өтіп, онда Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирустың таралғандығын жоққа шығармағандығын айтып, сақтық шаралары қабылданғанын баяндаған. Яғни, мектеп оқушылары мен студенттерді демалысқа жіберіп, барлық қоғамдық шараларды өткізуден бас тартып, барлық қоғамдық көліктерді тексеріп және 2 наурыздан бастап барлық мемлекеттік органдар қатаң режимге (бетперде) өтеді, - делінген ақпаратта. 
Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ескертеді. 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында коронавирус инфекцияның келуі мен таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Құрметті азаматтар, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттық жазбаларға сенбеуді және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз, - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы