Көбейтұзда домбыра тартқан бойжеткен Vogue журналын тебірентті

20 Қыркүйек 2020, 17:47
1896
Бөлісу:
Көбейтұзда домбыра тартқан бойжеткен Vogue журналын тебірентті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Домбыра шерткен қазақстандық бойжеткен Vogue журналының әлеуметтік желілердегі парақшасында жарияланды. 

Елордалық Маржан Қапсаматтың видеосын Vogue сән журналы өзінің Instagram-ына салды.

Заманауи Instagram әлеміне Қазақстанның ежелгі дәстүрлерін паш етіп жүрген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Marzhan Kapsamat (@marzhankapsamat). 23 жастағы бойжеткен қазақтың ұлттық аспабы, корпусы алмұрт тәріздес екі ішекті ұзынша келген музыка аспабы - домбыраны шебер тартуымен танымал, – делінген видеоның сипаттамасында.

Сондай-ақ, Vogue Маржанның парақшасына өтіп, ол туралы көп мәлімет алуға кеңес береді.

Айта кетейік, Маржан Қапсаматтың көркем суреттер мен әдемі видеоларға толы Instagram-дағы парақшасы расымен де ерекше.  



Өзгелердің жаңалығы