Көкшетауда жаңа Арбат ашылды

1 Мамыр 2021, 17:01
3158
Бөлісу:
Көкшетауда жаңа Арбат ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде Көкшетаудың Достық үйі аллеясында «Ұлы дала өрнектері» Арбаты ашылды.

Аталған жоба Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отыр. Жергілікті қолөнершілер, суретшілер мен музыканттар бұл идеяны бірден құптады. 

Енді қала тұрғындары мен қонақтары мұнда суретшілердің картиналарын, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бірегей бұйымдарын тамашалап, талантты музыканттардың орындауындағы туындлардан рухани ләззат алып, демалыстарын шығармашылық атмосфера аясында өткізе алады, - деді өкір басшысы Ермек Маржықпаев. 

Жаңа Арбат қазан айының аяғына дейін жұмыс істейтін болады. 

Көкшетауда жаңа Арбат ашылды

Алғашқы күні-ақ Арбат суретшілер, музыканттар, қолөнершілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің сүйікті орнына айналды. Мысалы, медицина қызметкері Рахмон Ғаниев қала тұрғындарын өзінің гитарадағы виртуозды ойынымен қуантты. Жұмыстан кейін ол қала тұрғындары үшін сүйікті әуендерін ойнау үшін Арбатқа баратынын айтады. 

Арбат кешкі уақытта өнерлі жастарымыз, қолөнер шеберлері үшін қашанда ашық болады. Мұнда түрлі картиналар, әндер, өлеңдер, гитара, домбыра, фортепиано үнін естіп ерекше сезімге бөленесің. Ашылу салтанатына облыс орталығынан 28 қолөнерші мен үш ансамбль қатысты, - деп атап өтті Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова. 

Көкшетауда жаңа Арбат ашылды

Уақыт шектеулері болмайды, Арбат жұмыс күндері де жұмыс істей ме, оны қолөнершілер мен шығармашылық қауым өкілдері өздері шешеді. Аллеяда сондай-ақ «Абай кітабы», «Билеп жүрген қыздар» фотозондарын, QR-кодтары бар мобильді тумба-кітапханаларды көруге болады. Олардың барлығы жастардың сүйікті демалыс орнына айналуы тиіс. Алдағы күндері Арбат айналасы түгел жарықтандырылып, жаңа үстелдер мен қажетті жабдықтар қойылады, - дейді Айгүл Сәбитова. 
 Көкшетауда жаңа Арбат ашылды

Мереке күні Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев этномәдени бірлестік өкілдерімен және Тәуелсіздік құрдастарымен кездесті. 

30 жыл аса ұзақ мерзім болмаса да еліміздің қалыптасу кезеңі. Кеңес Одағы ыдыраған кезде өкінішке қарай, экономикалық, мәдени байланыстар үзілді. Азық-түлік тапшылығы, жұмыссыздық, көші-қон деңгейі өте жоғары болды. Бүгінде Қазақстан – халықаралық қоғамдастықта беделге ие. Біз тәуелсіз елміз, өз шекарамыз, өз заңдарымыз бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев құрған алғашқы ұлтаралық бірлестік, - деп атап өтті өңір басшысы. 
Кездесуге қатысқандардың арасында IT мектеп-лицейдің алғашқы түлектерінің бірі Владислав Вебер болды. Ол оқуын 2019 жылы бітіріп, төрт тілді, соның ішінде қазақ тілін меңгерген. Дөңгелек үстелдің бірнеше қатысушылары мемлекеттік тілді жетік меңгергендігімен таңғалдырды. Ал Юрий Кочетыгов тіпті домбырада ойнады. 

Көкшетауда жаңа Арбат ашылды

Мереке күні «Ұлы дала өрнектері» сәндік-қолданбалы өнер одағы шеберлерінің көрмесі өтті. Елуден астам адам облыс әкімінің қолынан грамоталар мен ақшалай сертификаттар алды. 

1 мамыр - еліміз үшін ерекше мереке. Көптеген ұлт, этнос, түрлі діни сенім өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Бұл Қазақстан үшін үлкен жетістік, – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев. 
«Болашақ сарайы» аллеясында өткен экологиялық акцияда қаланың жастар ұйымдары ағаш отырғызды. Бұл аумақта QR коды бар кесте орнатылған, ол ағашты кім отырғызғанын көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы