Бас жаңалықтар
Көкшетауда жоғалған мұғалім қаңғыбастар тұрағынан табылды
15 Мамыр 2021, 16:08 1051

Көкшетауда жоғалған мұғалім қаңғыбастар тұрағынан табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолалық жедел уәкілдер Көкшетауда жоғалып кеткен Солтүстік Қазақстан облысының мұғалімін тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ол Көкшетау қаласындағы қараусыз қалған жерлердің бірінде болды, онда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар арасында түнеп жүрген.

2021 жылғы 10 мамырда сағат 17:17-де Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне СҚО ауылдарының бірінің 53 жастағы тұрғынынан 2021 жылғы 7 мамыр күні сағат 08:00-де үйінен Көкшетау қаласына кетіп қалған 32 жастағы ұлын іздеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті. Оның осы уақытқа дейін орналасқан жері белгісіз болды. Жоғалған адам дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Көкшетау қаласына жеке істері бойынша келіп, туысына барып, Абылай хан даңғылы аумағында жоғалып кеткен. 

Ер адамның тұрған жерін анықтау мақсатында тәртіп сақшылары 40 қызметкерден тұратын арнайы іздестіру тобын құрды, сондай-ақ еріктілер жұмылдырылды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция жоғалған адамның орналасқан жерін анықтай алды. Ол Көкшетау қаласындағы қараусыз қалған жерлердің бірінде болды, онда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар арасында түнеп жүрген, - делінген ақпаратта.
Ер адам мұндай әрекетке неге барғанын түсіндірмеді. Ер адамға қатысты ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық жасалмағаны анықталды. Айта кету керек, жалпы облыс аумағында 30 адам іздестірілуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақмола облысында 33 адам жоғалып кетті, 26-ы табылды.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...