Қоқыс қалдықтарын азайтуға әр азамат атсалысуы керек – Соловьева

28 Қаңтар 2021, 18:29
2247
Бөлісу:
Қоқыс қалдықтарын азайтуға әр азамат атсалысуы керек – Соловьева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бұл туралы «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының» басқарма төрайымы Айгүл Соловьева еліміздегі қоқыс қалдықтары мәселесін шешу бойынша өткен брифингте айтты.

Өткен жылдың маусым айынан бастап «Қазақстан экологиялық қауымдастығы» экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Филип Моррис Казахстан» компаниясының қолдауымен «StopMusor» әлеуметтік жобасын іске асырып жатыр. Басты назарда - Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары. Білім – қоғамның игілігі, адамның жеке құқықтарының бірі және мемлекеттің жауапкершілігі, - деді «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының» басқарма төрайымы Айгүл Соловьева.

Оның айтуынша, 2020 жылы Көбейтұз өзенінің ластануы мен Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылуы экологиялық мәдениет пен білімнің маңыздылығын көрсетті.

2020 жылдың маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экология пәнін мектеп бағдарламасына қосу туралы тапсырма берді. Полиэтилен, қағаз, электрлік құрал-жабдықтар, кішкентай кәмпит қағаздарының өзі қоршаған ортаға зиян. COVID-19 кезінде қалдық мөлшері көбейді. Біз «StopMusor» жобасын тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру үшін қолға алдық, - деп айтты басқарма төрайымы.

Жоба басталмас бұрын сәуір айында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары үшін арнайы онлайн сауалнама өткізілген. Оның нәтижесі бойынша әрбір екінші тұлға қоғамдық орындарда ұсақ тұрмыстық қалдықтарды жиі кездестіретінін көрсетті. 

Осындай күнделікті іс-әрекеттер адамдардың табиғатқа деген қарым қатынасын танытады. Жоба барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін әртүрлі бағытта жұмыс істейтін боламыз. Мысалы, осы жоба аясында stopmusor.kz сайты мен мобильді қосымша жасалды. Түрлі іс-шаралар мен акцияларға қосылып, пікірлес жаңа достармен танысу үшін оқиға күнтізбесі арқылы қосылуға болады, - дейді Айгүл Соловьева.

Ол атағандай, тұрғындар мобильді қосымша арқылы өз қаласындағы заңсыз төгілген қоқыстарға байланысты шағым бере алады. Барлық ақпараттар ecokarta.kz сайтында тіркеліп, «Қазақстан экологиялық қауымдастығы» мамандарына жеткізіледі.

Раушан Арманқызы

Өзгелердің жаңалығы