Қолданыстағы вакцина құрамында аллергия тудыратын заттар жоқ

23 Сәуір 2021, 13:09
1538
Бөлісу:
Қолданыстағы вакцина құрамында аллергия тудыратын заттар жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен онлайн брифингте клиникалық иммуннология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, «Астана медициналық университеті» КеАҚ неврология, гематология, аллергология және иммунология курсы бар ішкі арулар кафедрасының аға оқытушысы Ковзель Елена Федоровна айтты.

Оның айтуынша, Қолданыстағы "Спутник V" вакцинасының құрамында бір ғана реактогенді компонент бар. Ол - алюминий гидроксиді. Аталмыш компонен сирек жағдайда аллегриялық реакция тудыруы мүмкін. Оның өзінде бұрың-соңды вакцина алу кезінде аллегриялық реакцияға тап болған жандарда.

Егер пациент вакцинаның бірінші дозасын алу кезінде аллегриялық реакция алса,оған екінші компонент салынбайды.

Ол сонымен қатар созылмалы аурулары бар жандарға вакцина алуға бола ма деген сауалға жауап берді.

Созылмалы аурулардың да түрі көп. Оның ішінде ұзақ уақыт тұрақты динамика көрсетіп жүргендері бар. Сондықтан созылмалы ауры бар әр пациент шешімді өзі емес, дәрігермен кеңесіп қабылдағаны жөн. Өйткені созылмалы аурулары бар азаматтардың вирус жұқтыру қауіпі жоғары. Егер денсаулығында тұрақты динамика байқалса вакцина алу жайлы дәрігермен кеңісіп көру қажет, -деді ол.

Өзгелердің жаңалығы