Бас жаңалықтар
Көлгінов Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысымен танысты
PHOTO
17 Сәуiр 2021, 21:00 201

Көлгінов Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында 30 мың адамға арналған мешіттің құрылысы жайлы айта келе жаңа нысан туристер үшін де тартымды нүктеге айналатынын мәлімдеді.

Қалада республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Негізгі күмбездің биіктігі шамамен 90 метрді құрайды, ал мұнаралар 130 метр биіктікке көтеріледі. Мешіттің сыйымдылығы — 30 мың адам – деді Алтай Көлгінов.

Құрылыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша демеушілік қаражат есебінен жүргізілуде.

Бүгін осы мешіттің құрылыс барысымен таныстым. Ол Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында орналасқан. Өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ аумақты абаттандырып, ағаш отырғызамыз – дейді қала басшысы.

Оның сөзіне қарағанда бұл мешіт туристер тартуға да үлкен мүмкіндік береді.

Бұл мешіт еліміздің тұрғындары үшін ғана емес, туристер үшін де тартымды нүктеге айналады, - деп жазды елорда әкімі.



Фото: дереккөз
Загрузка...