Коллекторлар мен жеке сот орындаушылар қарыздарды заңсыз өндірген – Бас прокуратура

18 Қыркүйек 2020, 11:11
4654
Бөлісу:
Коллекторлар мен жеке сот орындаушылар қарыздарды заңсыз өндірген – Бас прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бас прокуратура жеке сот орындаушылары мен коллекторлардың қызметіне тексеру жүргізді. Оның нәтижелері туралы Бас прокурордың аға көмекшісі Қайрат Раисов айтып берді. 

Тексерулерге жеке сот орындаушылар мен коллекторлардың атына келген шағымдар негіз болды. Адамдар коллекторлардың әдепсіз әрекеттері, олардың қорқытуы туралы және осындай қорқытулардың шынымен орындалып жатқаны туралы жазды. Яғни, коллектор шоттар мен мүліктерге тыйым салуды жүзеге асырған. Өкілетті органдар шара қабылдаған жоқ. Сондықтан біз мәселені өзіміз талдап, тексеру жүргізуді шештік. Жекеленген коллекторлар мен жеке сот орындаушылар қарыздарды заңсыз өндіру схемасын жасаған, - деді ол. 

Раисовтың айтуынша, коллекторлар базаны жеке сот орындаушылардың логины мен паролін алып қолданған. 

IP адрестерден, яғни коллекторлық агенттік интернет нүктелерінен жүйеге 210 рет кірген. Интернет сигналдар Алматыда 35 коллекторлық агенттік жұмыс істейтін ғимараттан шыққан, онда 500 адам бар. Жекеленген өңірлерде коллекторлар жеке сот орындаушылардың қаулыларын прокурорға санкция беру үшін жіберіп отырған. Заңсыз қызметін жасыру үшін жеке сот орындаушылар мен коллекторлар арасында келісімшарт орнатылған. Шарттар бойынша коллекторлар базаға кіру және атқарушылық әрекеттер жасау бойынша 10-ға жуық қызмет көрсетілген, - деді ол. 

Оның айтуынша, Әділет министрлігіне заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныс жасалған.

Қарау нәтижелері бойынша 18 жеке сот орындаушы республикалық палатадан шығарылды. Палатадан шығару лицензияларды тоқтату үшін сөзсіз негіз болып табылады. Сондықтан Әділет министрлігі жеке сот орындаушылардың лицензияларын тоқтату бойынша арыздарды бере бастады. Бас прокуратура қаржы нарығы реттеу  агенттігіне коллекторлардың бұзушылықтары туралы хат жолдады. Агенттік пен Әділет министрі коллектор қызметіне тексеру жүргізеді, - деді Раисов. 

Өзгелердің жаңалығы