Компьютер сатып алуға бюджеттен қанша қаражат бөлінгені белгілі болды

23 Қазан 2020, 14:49
1815
Бөлісу:
Компьютер сатып алуға бюджеттен қанша қаражат бөлінгені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Білім беру ұйымдарының эпиджағдайдағы жұмыс барысы» онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова сатып алынатын техникаға қанша қаражат бөлінгені туралы айтып берді.

Елде карантин шаралары күшейтіліп жатыр. Қаладағы білім беру ұйымдары қашықтан білім беру және кезекші сынып режимінде жұмыстарын жалғастырып жатыр. Үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету мақсатында мектеп қорынан 9 700 компьютерлік техника бөлінді. Жергілікті бюджеттен қосымша 8 мың компьютерлік техника сатып алынды. Оған қоса республикалық бюджеттен 4 млрд 87 млн теңге сомасына 26 472 компьютерлік техника сатып алынуда, - деді Шолпан Қадырова.

Оның айтуынша, бүгінгі күні оның 6 772-сі жеткізілді. Қалған 19 700-і қазан айының соңына дейін жеткізіледі. 

Ең бастысы аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім және мүгедек балалар компьютермен қамтамасыз етілді. Ата-аналарға айтарым, егер сізге мектептен берілген компьютерлік техникаларға қатысты сұрақтар туындап жатса, мектеп әкімшілігімен хабарласып, шешуге болады, - деді басқарма басшысы.
Өзгелердің жаңалығы