Корей мәдени орталығы қазақстандықтар арасында конкурс жариялады

30 Қазан 2020, 17:00
2118
Бөлісу:
Корей мәдени орталығы қазақстандықтар арасында конкурс жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Корей мәдени орталығы 13 жастан асқан қазақстандықтар арасында конкурс жариялады.

Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігіне қарасты Корей мәдени орталығы 2020 жылғы 4 қараша мен 9 желтоқсан аралығында «Халлю» корей толқыны мен корей мәдениетін сүйетіндер үшін онлайн конкурс өткізуді жоспарлап отыр. Конкурсқа кез келген қазақстандық қатыса алады.

Бұл байқау шетелдіктердің көзқарасын білу мақсатында Корей мәдениетіне шолу жасау, сондай-ақ, қазақстандықтарды Корей мәдениетімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде Корея мен Корей мәдениетін үздіксіз сүйетін барлық адамға арналған.

Конкурс үш санаттан тұрады:

- K-POP Cover Dance;

- K-Culture;

- K-Picture/Photo. 

Оған Қазақстанның аумағында тұратын, сонымен қатар, жасы 13-тен асқан кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады.

Қатысушылардың өтінімдерін қабылдау 2020 жылдың 4 мен 25 қараша аралығында 3 апта ішінде өтеді. Алдымен алғашқы алдын-ала іріктеу жүргізіледі, онда әр санаттағы 5 жұмыс таңдалады. Барлығы 15 жұмыс іріктеледі. Екінші кезеңде жеңімпаз әлеуметтік желілерде қорытынды дауыс беру арқылы анықталады.

Байқауда коронавирус пандемиясы кезеңінде функционалдығы мен практикалығы бар, сондай-ақ Қазақстанда танымалдығы бар арнайы жүлделер көзделген. Бұл Samsung смартфондары мен планшеттері, LG Bluetooth динамиктері, BTS тобының шағын альбомдары және басқа да сыйлықтар табысталады.

COVID-19 пандемиясына байланысты конкурс онлайн форматта өткізіледі. 

Конкурстың шарттары:

- K-POP Cover Dance санатында ән таңдап, 1 минуттық би түсіріп, видеосын жіберу; 

- K-Culture санатында Корей мәдениетін таныстыратын 1 минуттық бейне ролик дайындау;

- K-Picture/Photo санатында Кореяға қысқаша сипаттама беріп, сурет немесе фотосурет жолдау.

COVID-19 пандемиясына қарамастан Корея мен Корей мәдениетін одан әрі сүйетіндердің барлығына алғыc білдіремін. Осы онлайн байқаудың арқасында Қазақстан Корея мәдениеті туралы көбірек біледі деп үміттенемін, - деді Корей мәдени орталығының директоры Ли Хе Ран.

Айта кетейік, конкурс жайлы толық ақпаратты орталықтың ресми сайтынан білуге болады.


Өзгелердің жаңалығы