Коронавирус: Корея парламенті дезинфекцияға жабылды

24 Ақпан 2020, 19:02
1702
Бөлісу:
Коронавирус: Корея парламенті дезинфекцияға жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяның Ұлттық жиын пленарлық отырысы кейінге қалдырылды және ғимаратын дезинфекцияға жауып тастады. 

Бұған себеп – парламент үйіне коронавирус жұқтырған пациент келуі. Бұл туралы Ұлттық жиын өкілі Хан Мин Су мәлімдеді.

Бүгін 18.00-де дезинфекция жасалады... Тиімді болуы үшін оны 24 сағатқа жауып тастау керек. 25 ақпанда Ұлттық жиын және депутаттардың ғимараты жабық болады, - деп хабарлады Хан Мин Су.

Ғимарат сәрсенбі күні 9.00-де ашылады. Сондықтан дүйсенбі және сейсенбі күндері парламенттің отырысы болмайды.

Рёнхап агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні Корея мұғалімдер қауымдастығы федерациясының президенті Ха Юн Судан коронавирус анықталды. Ол өткен апта парламент отырысына қатысқан. Содан кейін карантинге жатқызылды. Мұғаліммен контакт жасаған барлық депутат пен жиын өкілдерінің денсаулығы тексерілді.

Өзгелердің жаңалығы