Кореяның бұрынғы приезиденті 17 жылға сотталды

20 Ақпан 2020, 22:27
1525
Бөлісу:
Кореяның бұрынғы приезиденті 17 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сеулдің аппеляциялық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ли Мен Бакты жемқорлық қылмысы үшін 17 жылға темір торға қамады.

Бұған дейін ол 15 жылға сотталған болатын. Денсаулығына байланысты кепіл беріп босаған. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.

Ли Мен 2008 жылдан 2013 жылға дейін Оңтүстік Кореяны басқарды. Қылмыс жасағаны үшін сотталған үшінші президенті. Сот Ли Менді президент болып отырған кезде автокөлік саймандарын шығаратын компанияны басқарғанын анықтаған. Компанияны бауырының атына жазғызған және бизнесті дамыту үшін өзінің статусын пайдаланған, деп жазады "Ренхап" агенттігі.

Ли Мен Бак 2018 жылдың қазан айында 16 пункт бойынша сотталды. Оның ішінде салық төлемеу, мемлекет қаражатын заңсыз иемдену және лауазымын асыра пайдалану пунктері бар. Тергеу нәтижелеріне қарағанда, ол құпия операцияларды қаржыландыруға арналған Ұлттық барлау қызметінің құпия қорынан 11 миллиард вон (9,3 миллион доллар) жымқырған.
Өзгелердің жаңалығы