Коронавирус: басқарма басшысы 14 науқастың қалай анықталғанын айтты

17 Наурыз 2020, 15:13
2309
Бөлісу:
Коронавирус: басқарма басшысы 14 науқастың қалай анықталғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында бүгін тіркелген 14 адамның жағдайы туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді.

5 адам қаланың стационарында жатқан болатын. Олардың 4-еуі Италия және Оңтүстік Корея рейстерінен түсірілген еді. Жағдайы қанағаттанарлық. Бір науқас ЖРВИ орташа диагнозымен жатқан болатын. Тексерістен кейін коронавирус инфекциясы екені белгілі болды. Қалған 9 адам қауіпті елдер не контакт жасаған адамдардың арасынан белгілі болды. Барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды, - деді Сәуле Қисықова ОКҚ брифинг барысында.
Еске салсақ, бүгін еліміздің бас қаласында жұқпалы вирус жұқтырған 14 адам анықталды. Қазір науқастардың саны 27 адамға жетті. 

Қазақстанның бас санитары қабылдаған жаңа қаулыға сәйкес қосымша бірнеше мемлекеттермен санитариялық режим күшейтілді. "1А" санатқа азаматтар міндетті түрде карантинге жатқызылатын мемлекеттердің ішінде Франция, Иран, Италия, Испания және Германия. "1В" санатқа Қытай, Корея Республикасы, бүкіл Шенген аймақтағы мемлекеттерінен келген азаматтар міндетті түрде үй карантинге жатқызылады.

16 наурызда Қазақстанның Мажарстандағы елшілігіне біздің бір азаматшамыз Будапешт қаласында коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабарланды. Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижелеріне сәйкес дәрігерлердің күдігі расталды. Қазіргі уақытта ҚР азаматының денсаулығы тұрақты.
Өзгелердің жаңалығы