Коронавирус: Ақмола тұрғынымен байланыста болған жамбылдықтар тексерілуде

31 Наурыз 2020, 19:45
1070
Бөлісу:
Коронавирус: Ақмола тұрғынымен байланыста болған жамбылдықтар тексерілуде
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың 15-18 наурыз аралығында коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысының тұрғыны Жамбыл облысының Шу және Меркі аудандарының аумағына келіп-кеткен.

Медициналық және эпидемияға қарсы қызметтер марқұммен  байланыста болған 16 тұлғаны анықтады: Шу ауданында – 10, Меркі ауданында – 6. Олардан коронавирустық инфекциясына алынған талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсетті, - дейді .

Азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, коронавирустық инфекцияның белгілері жоқ. Олар 14 күндік карантиндік стационарға жатқызылған.

Келген орындарында медициналық қызметкерлер эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар жүргізді.

Өзгелердің жаңалығы