Коронавирус. Алматыдағы науқастардың жағдайы қалыпты

28 Наурыз 2020, 14:29
1068
Бөлісу:
Коронавирус. Алматыдағы науқастардың жағдайы қалыпты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 58 жағдай тіркелсе, оның екеуі емделіп шықты. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы аурулар стационарында 56 науқас бар, соның екеуі бала. Жаңадан анықталған 10 науқастың бесеуі 27 наурызда Санкт-Петербор – Алматы рейсімен, біреуі 26 наурызда Стамбул – Алматы, ал қалған екеуі Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген. Тағы екеуі індет жұқтырушылармен байланыста болған. Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық - делінген хабарламада.

Жалпы, бүгінде ем-дом қабылдап жатқан 51 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тек бір ересек науқастың жағдайы ауыр бағаланса, төрт емделуші орташа дәрежеде, оның ішінде бала да бар.

Провизорлық орталықтарда 854 адам бар, оның 86-сы бала.

Үй карантинінде 2037 адам жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі сәтте еліміз бойынша 204 науқас тіркелді. 14 адам жазылып шығып, бір адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы