Коронавирус: Ғалымдар сырқаттың адамға әсерін анықтады

29 Ақпан 2020, 05:25
6636
Бөлісу:
Коронавирус: Ғалымдар сырқаттың адамға әсерін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайлық дәрігерлер коронавирустан қайтыс болған адамның мәйітін зерттеген. Оның өкпесі қатты зардап шеккен.

Бұл туралы Journal of Forensic Medicine журналында қытайлық дәрігерлердің баяндамасы жарияланған. 

Мұнымен бірге, дәрігерлердің айтуынша, коронавирус басқа органдарға да зардабын тигізеді дегенге дәлел жоқ.

Қайтыс болған азамат – 85 жастағы ер адам. Ол қаңтар айында ми инфарктінен кейін ауруханаға жатқан. Аураханаға жатқызылған кезде оның дене қызуы көтерілмеген, жөтелі жәні басқа да белгілер болмаған. Ауруханада жатқанына 10 күн өткен соң оның тамағы қышып, қызуы көтерілген. Компьютер томографиясы екі өкпесінде де инфекция барын анықтаған.

Он үшінші күні қарияда коронавирус расталған.

20-сыншы күні томография жасалғанда инфекция екі өкпесіне көбірек тарағаны белгілі болған. Жиырма сегізінші күні науқас қайтыс болады. Өлім себебі: коронавирустың жаңа түрі, өкпесіндегі инфекция, тыныс алу жолының сырқаты.
Ухань ауруханасында қарт кісі қайтыс болғаннан 12 сағат өтпей тұрып оған патологоанатомиялық зерттеу жасалды. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, науқастың тыныс алу жолдары қатты зақымданған, қайтыс болған адамның денесіндегі COVID-2019  паталогиялық процесі SARS атипиялық пневмония және MERS пневмониясына өте ұқсас. Бірақ анатомиялық кесуден кейін фиброз және өкпедегі тыныс алудың қиындауы SARS пневмониясы секілді айтарлықтай ауыр емес, – деп жазылған баяндамада.

Өзгелердің жаңалығы