Коронавирус: Барлық ұшақ жолаушысы ПТР-анықтамамен келген

12 Мамыр 2021, 13:25
1356
Бөлісу:
Коронавирус: Барлық ұшақ жолаушысы ПТР-анықтамамен келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 11 мамырында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жария етті.

2021 жылдың 11 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік Корея, Мальдив Республикасы, Украина, Грузия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 142 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 783 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 764 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 275 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 320 жолаушы.

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы