Бас жаңалықтар
Коронавирус. Баян-Өлгийде 5 адам індет жұқтырғаны анықталды
20 Сәуiр 2021, 22:35 160

Коронавирус. Баян-Өлгийде 5 адам індет жұқтырғаны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында коронавирус індетін жұқтырғандар саны 5 адамға жетті. Бұл туралы жергілікті МОНЦАМЭ агенттігі хабарлады.

Сәуір айының 19 күні Ұланбатыр қаласынан бір машинамен келген 3 азаматтан коронавирус індеті анықталды.

Бұған дейін 11 сәуір күні Ұланбатыр қаласына емделуге барған 88 жастағы аймақ тұрғынынан және сол кісімен бірге барған туысқанынан қатерлі індет анықталған болатын.

Ал Моңғолия көлемінде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 25 мыңнан асты. Оның 4412-сі 18 жасқа дейінгі балалар. Бүгінге дейін 13 мыңға жуық адам індеттен жазылып шықса, коронавирус салдарынан 51 адам көз жұмған.

Бүгінгі таңда елде 620 мыңға жуық адам вакцина салдырған. Алайда, олардың 2300-ден астамы вакцина салдырса да, індет жұқтырғаны анықталған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...