Коронавирус. Дәрі дайындалып жатыр

25 Ақпан 2020, 11:30
1436
Бөлісу:
Коронавирус. Дәрі дайындалып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Қытай билігі елде тарап жатқан Covid-19 эпидемиясы тоқтайтынына сенімді. Бұл туралы ҚХР-ның Мәскеудегі елшісі Чжан Ханьхуэй баспасөз мәжілісі кезінде айтты, деп жазды РИА Новости.

Эпидемияның тарау ошағынан өзге қалалар мен провинцияларда осы айдың соңына дейін жағдай тұрақталады. Өзге өңірлерде 18 күннен бері вирустың таралу деңгейі төмендеп келеді,-дейді елші.

Дипломаттың айтуынша, қытай ғалымдары коронавирусқа қарсы иммунитетті көтеретін вакцинаны қазірден жасап шығарған, алайда ол әлі де жетілдіруді қажет етеді.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының атқарушы директоры Сумии Сваминатан қауіпті вирусқа қарсы бірнеше екпе әзірленіп жатқанын және олардың бір-екеуі сынамадан өткізілетінін мәлімдеген.

Өзгелердің жаңалығы