Коронавирус: Diamond Princess кемесінде болған украиналық әйел жазылды

28 Ақпан 2020, 17:03
1340
Бөлісу:
Коронавирус: Diamond Princess кемесінде болған украиналық әйел жазылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода круиз лайнерінде COVID-19 жұқтырған украиналық әйел ауруханадан шықты.

Бұл туралы 28 ақпанда Украина СІМ Консулдық қызмет департаменті директоры Сергей Погорельцевке сілтеме жасап УНИАН хабарлады.
27 ақпанда Украина азаматы ауруханадан шығарылды және қонақүйге жеткізілді. Украинаның Жапониядағы елшілігі отандасымызға қажет көмек көрсетіп жатыр. Украинаның қалған үш азаматы ауруханаларда жатыр, - деді Погорельцев. 
Бірақ қалған азаматтардың ауруханадан қашан шығатыны белгісіз.

Йокогама портында карантинде болған лайнерде әлемнің 56 елінен 3,7 мың адам болды. Олардың ішінде 2,7 мың адам – жолаушылар, қалғаны – экипаж мүшелері.

Қазақстанның 4 азаматы осы кемеде болды. Екі әже мен екі немересі аман-есен.

Өзгелердің жаңалығы