Бас жаңалықтар
Коронавирус ерлердің бала туғызу қарқынын бәсеңдетеді
30 Қазан 2020, 05:20 144

Коронавирус ерлердің бала туғызу қарқынын бәсеңдетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия кезінде елімізде демографиялық өсім азаюы мүмкін. Себебі коронавирус инфекциясы ерлердің бала туғызу қарқынын бәсеңдетеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

COVID-19-бен ауырған жігіттердің басым көпшілігінде ұрық болмайды дейді дәрігерлер.

Мәселен, Алматыдағы репродукциялық орталыққа келіп ем қабылдап жүрген үш жігіттің шауһаттары тартылып қалған. Өйткені үшеуі де бұған дейін коронавируспен ауырыпты. Алайда мамандар ерлердің ұрығы 75 күн сайын жаңарып отырады дейді. Сондықтан COVID-19-бен ауырғандар  үш айға дейін бала туғыза алмайды деген болжам бар.

 Ал коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелдер арасында түсік тастау мен ерте босану жиілеген. Әлемдік статистикаға сүйенсек, инфекция жұқтырған жас аналардың 20 пайызы уақытынан бұрын босанған. Сондықтан осындай қиын кезеңде дәрігерлер бала сүюді жоспарламай қоя тұру керек дейді.

"Жас отбасы бала сүюді келесі жылға шегере тұрғаны абзал. Себебі, аяқ астынан коронавируспен ауырып қалса, қауіпті індет ұрпағына қалай әсер ететіні белгісіз. Ал 35-40-қа келіп қалғандарға жүктілікті шегерудің қажеті жоқ. Онсыз да жасы ұлғайып барады. Бірақ жеке бастың тазалығын сақтап, көшеге шықпай, қоғамдық орындарға бармай, сәби өмірге келгенше сақтанып жүру керек", - деді Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...