Бас жаңалықтар
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді
01 Сәуiр 2020, 01:45 806

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 1 сәуірдің 01:15 уақытындағы жағдай туралы хабарланды.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 18 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 1 адам, жалпы 343 науқас тіркелді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...