Бас жаңалықтар
Коронавирус. Карантиннен шыққан отандастарымыз дәрігерлерге алғыс айтты
VIDEO
28 Наурыз 2020, 22:24 534

Коронавирус. Карантиннен шыққан отандастарымыз дәрігерлерге алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылған отандастарымыз дәрігерлерге алғысын білдірді. 

Шетелден келген Сайлаубек, Арайлым мен Асия стационарлық карантинде 14 күн жатып шықты. Олардан тексеріс барысында вирус табылмаған. Ендігі кезекте олар 14 күн үй карантинінде болады. 

Дәрігерлердің көрсеткен қызметіне разымыз. Екі рет тест тапсырдық, екеуі де вирусты жұқтырмағанымызды көрсетті. Бұл үлкен жауапкершілік. Коронавирусқа жеңіл қарамайық, сақтық шараларын сақтайық, - дейді олар. 

Естеріңізге сала кетейік,  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 135 адам, Алматы қаласында – 51 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 5 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 228 науқас тіркелді.

Жазылып шыққандар саны 16 адамды құрады, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында  - 13, Алматы қаласында – 3.


Фото: ашық дереккөз
Видео: BAQ.KZ
Загрузка...