Коронавирус. Науқастар саны 200-ден асты

28 Наурыз 2020, 11:50
2465
Бөлісу:
Коронавирус. Науқастар саны 200-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 10 адам, Алматы қаласында - 1 адам тіркелді. Бұл туралы коронавирустың еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 117 адам, Алматы қаласында – 58 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 204 науқас тіркелді.

Бұған дейін 3 адам жазылып шығып, бір адам қайтыс болған болатын.

Өзгелердің жаңалығы