Коронавирус. Оңай дүние емес – Тоғжанов

28 Ақпан 2020, 17:21
1518
Бөлісу:
Коронавирус. Оңай дүние емес – Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында вице-премьер Ералы Тоғжанов коронавирус текмедицина саласының мәселесі емес, мемлекеттің алдында тұрған қауіпті қатер екенін айтты. 

Өздеріңізге белгілі, денсаулық сақтау жүйесі Елбасының ерекше қадағалауында деп айтсам артық емес. Медициналық көмектің сапасына, қолжетімділігіне байланысты бірнеше нақты тапсырма берілді. Биыл денсаулық сақтау жүйесінде еліміздің бір тұрғыны үшін қаражат 55-тен 84 мың теңгеге дейін ұлғайған. Бұл диагностикалық және медициналық қызмет түрлерін қаржыландыруды 7 есеге дейін, тегін берілетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді 2 есеге ұлғайтуға, медициналық ұйымдарды 100 пайыз медициналық техникамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан бұлардың барлығы ашығын айтқанда үкіметтің, мемлекеттің тарапынан жасалып жатқан нақты шаралар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сұрақтарға байланысты арнайы тапсырмалар берді, - дейді Ералы Тоғжанов.

Осы ретте ол Қытайдан басталып, әлемді шарпып жатқан, коронавирус инфекциясының таралуына тоқталды. 

Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер туралы маған дейін біраз азаматтар айтты. Енді коронавирус инфекциясының таралуына байланысты мәселеге тоқтала кетейін. Оңай дүние емес. Ауқымы қандай деңгейге жеткенін байқап отырсыздар. 40-тан астам мемлекетке таралған. Президентіміз Тоқаев күн сайын тікелей қадағалап отыр. Премьер-министр де күн сайын осы мәселеге байланысты бірнеше рет отырыс өткізеді. Ведомствоаралық комиссия күн сайын жиын өткізіп тұрады. Ашығын айтқанда бұл тек қана медицина саласының мәселесі емес. Бүкіл мемлекеттік органның, елдің алдында тұрған үлкен маңызды мәселе деп айтсам артық емес. Сондықтан барлықтарыңызды коронавирустың қауіптілігін халыққа түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырмын, - деді вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы