Коронавирус: Оңтүстік Кореяда 250 мың адамы бар секта тексеріліп жатыр

29 Ақпан 2020, 12:57
1143
Бөлісу:
Коронавирус: Оңтүстік Кореяда 250 мың адамы бар секта тексеріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда коронавирусты жаңадан жұқтырған 594 жағдай тіркелді. Осылайша коронавируспен ауырып жатқандар саны 2931 адамға жетті. 

Тағы 3 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жанында Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ұйымы (KCDC) хабарлады.

KCDC мәліметтеріне қарағанда, Тэгу қаласында 476 адам, Кёнсан-Пукто провинциясында 60 адам, Чхунчхон-Намдо провинциясында 13 адам, Сеул мен Пусанда 12 адамнан коронавирусты жаңадан жұқтырған. Қалған жағдайлар елдің басқа өңірлерінен тіркелді. 16 адам қайтыс болды. 27 адам жазылды және 29 154 адамның анализдері тексеріліп жатыр. Әскери қызметкерлердің арасында 27 адам жұқтырды.

Коронавирус жұқтырғандар саны елде жақын күндері артуы мүмкін. Себебі Оңтүстік Корея үкіметі Синчхончжи сектасындағы 250 мыңнан астам адамды коронавирусқа тексере бастады. Бұл секта Тэгу қаласында коронавирус таратқан ошақ болып отыр. Осы уақытқа дейін Оңтүстік Корея 83 мыңға жуық адамды коронавирусқа тексерді.

Өзгелердің жаңалығы