Бас жаңалықтар
Коронавирус: қайтыс болғандар саны 2,5 мыңнан асты
24 Ақпан 2020, 10:17 349

Коронавирус: қайтыс болғандар саны 2,5 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың жаңа типі Covid-19 жұқтырғандар саны 77150 адамды құрады.

24 ақпандағы жағдай бойынша Қытайда коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны 2592 адамға жетті. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау мәселелеріне жауапты мемлекеттік комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бір тәулікте 150 адамның өлімі тіркелді, 1846 науқас ауруханадан шығарылды.

Қытайда вирус жұқтырғандар саны 77150 адамға жетсе, оның 24734-іне жасалған емдік курсы сәтті өтті.

Сонымен қатар, соңғы тәулікте Гонконгта ауруға шалдыққандар саны 74-ке жеткені белгілі болды. Оның 60-ы ауруханаға жатқызылса, 12-сі жазылып шықты. Ал екеуі қайтыс болды. 

Айта кетейік, қазір Қазақстанда коронавирустың жаңа типі COVID-19-ті жұқтыру фактілері анықталмады.



Фото: дереккөз
Загрузка...