Бас жаңалықтар
Коронавирус: ҚТЖ қорғану құралдарына 900 млн теңгеден астам қаржы бөлді
31 Наурыз 2020, 18:00 255

Коронавирус: ҚТЖ қорғану құралдарына 900 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "ҚТЖ" ҰК" АҚ "БЛАГО" компанияның корпоративтік құндылықтарына сәйкес келетін, қызметкерлер жағдайына мониторинг жүргізуге және денсаулығын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шараны атқаруда.

Елімізде – коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Қазақстандықтардың көпшілігі үйлерінде отыр. Осы бір қиын күндері жұмыс берушінің қамы – өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Құрылымында 120 мыңнан астам қазақстандық еңбек ететін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ осындай жұмыстарды жүргізуде. Бұл шамамен ел тұрғындарының 1% құрайды.

Ұлттық теміржол компаниясында ЖТ мен магистральдық желі барлық өңірлік бөлімшелерінде әрекет ету жоспарлары мен іс-әрекет апгоритмі бектіліп, COVID-19 пандемиясымен байланысты ТЖ басқару жөніндегі штаб құрылған. Мысалы, коронавирусты көрсететін жағдай анықталған кезде ҚТЖ штабы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, әкімдік және қызмет көрсетуші медициналық ұйымдар жедел түрде хабарландырылуы тиіс, - деп түсіндіре кетті "ҚТЖ" ҰК" АҚ бас инженері Батыр Котырев.
Компания өндірістік персоналы басым бөлігінің өз еңбек міндеттемелерін атқаруы зиянды және қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты екендігін атай кету керек. Теміржолшылардың көпшілігі ауысымға түсер немесе рейске шығар алдында ауысымалды/рейсалды медициналық тексеруден өтеді.
Компания қызметкерлер дансаулығының қауіпсіздігі үшін барлық шараны қабылдауда. Медтексерістерді жүргізу жөніндегі қызмет көрсететін медұйымдармен бірлесе ауысымалды медтексеріс қорытындылары бойынша жұмыскерлер денсаулығының жағдайына бақылау күшейтіліп отыр. Өндірістік дәрігерлермен бірге емделу демалысында болған тұлғаларды есепке алу жүргізілуде, - дейді Батыр Котырев.
Медтексеріс қорытындысы бойынша ауысымға жіберілмеген қызметкерлердің жартысы жұмыстан шеттетілді. Оларда – ЖРВИ белгілері және жоғары дене қызуы. Бірақ та күн сайынғы шеттетілгендер саны персонал санының 0,002% ғана құрайды.
Кейбір қызметкер байланысы бар адам ретінде карантинде отыр. Дей тұрғанмен, "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметкерлерінің арасында COVID-19 тесті оң нәтиже көрсеткен бірде бір адам анықталмады, - деп атап көрсетті Батыр Котырев.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ өз қызметкерлерін жеке қорғаныс және гигиена құралдарымен: медициналық маскалар мен қолғаптармен, антисептиктер мен зарарсыздандыру құралдарымен, байланыссыз тепловизорлар мен пирометрлермен қамтамасыз етуде.

Қазақстан темір жолы бас инженерінің сөзіне қарағанда, олардың қажеттіліктері еселеп арттырылды. ҚТЖ бұл мақсаттар үшін 900 млн теңге бөлді. Қазіргі кезде 314 дана медициналық маска сатып алынып, бірінші кезекте жолсеріктерге, билет кассалары мен вокзал қызметкерлеріне таратылды. Бұдан басқа, шамамен 20 мың литр антисептик, 330 мың жұп медициналық қолғап және 12 мың дана зарарсыздандыру құралдары сатып алынды.

Алайда, бұл "теміржолда барлық проблема шешімін тапты" дегенді білдірмейді. ҚТЖ филиалдары мен құралымдары үшін маскалар, қолғаптар, антисептиктер саны әлі де жеткіліксіз... Біз үшін COVID-19 алдын алу мәселелері күн тәртібінде бірінші мәселеге айналды, - деді Батыр Котырев.

Орталық аппарат бойынша қызметкерлердің 98% офистен тыс жерде, яғни қашықтан жұмыс істеуде немесе еңбек демалысына шыққан. Еншілес ұйымдар мен филиалдарға қатысты айтар болсақ, оларда қызметкерлердің 44% офистен тыс жұмыс істеуде. Тағы теміржолшылардың 18% мәжбүрлі жұмыссыз отыр. Сөз негізінен "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен "Жүк тасымалы" АҚ қызметкерлері туралы, өйткені ТЖ байланысты көптеген жолаушылар және жүк пойыздары тоқтатылды.

Карантин кезінде – ұжымдық келісім-шартында жазылған сомадан көп, қызметкерлерге жалақысының 50% төлеу шешімі қабылданды.

Біз кей өңірде қатаң карантин режимі енгізілгенін де қаперге алдық. Сондықтан да ауысымдық жұмыстағы қызметкерлердің барлық лауазымдарын үздіксіз өндірістік процеспен қамтамасыз ету үшін қызметтік авто көлікпен жүріп тұруын қамтамасыз еттік, - деп нақтылады Батыр Котырев.


Фото: дереккөз
Загрузка...