Коронавирус: СҚО-да анықталған науқастың жағдайы жақсарып келеді

1 Сәуір 2020, 13:34
1184
Бөлісу:
Коронавирус: СҚО-да анықталған науқастың жағдайы жақсарып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық басқармасы Солтүстік Қазақстан облысындағы коронавирус індетін жұқтырған жағдай туралы хабарлады.

Аймақтық денсаулық басқармасы науқастан анализ алу ПЦР әдісі арқылы жүргізілгенін мәлімдеді. Сараптама нәтижесі оң шыққанан кейін жедел жәрдем бригадасы науқасты ауруханаға жатқызды. 

Бүгінде індетті жұқтырған әйел дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы қанағаттанарлық. Жалпывирустық жағдайы бойынша динамикасы оң, емде шаралары хаттамаға сәйкес жүргізілуде. Зерттеу барысында анықтадық. Ода пневманияның белгілері болды. Вирустың алғашқы көзі анықталуда. Жақын және әлеуетті қатынаста болған адамдар анықталды. Провизорлық стационар мен үй карантиніне орналастырылды. Сараптама нәтижелері теріс, - делінген басқарманың баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, науқаспен жақын қарым-қатынаста болған 73, әлеуетті қатынаста болған 39 адам анықталды. Тіркелген адамның тұрған жері карантинге оқшауланды.


Өзгелердің жаңалығы