Бас жаңалықтар
Коронавирус суға шомылу кезінде жұға ма?
12 Шілде 2020, 17:27 306

Коронавирус суға шомылу кезінде жұға ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Роспотребнадзор мамандары суға шомылу кезінде COVID-19 індетінің адамнан адамға жұқпайтынын мәлімдеді, деп хабарлады "Интерфакс".

Олардың айтуынша, суға көп мөлшердегі күн сәулелері әсер ететіндіктен, вирусты жойып жіберуге қауқарлы.

Ауа-тамшылары арқылы адамнан адамға жұғатын коронавирустың су арқылы таралуы мүмкін деуге негіз жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.

Дегенмен, мамандар су айдынында көптеген басқа да инфекция болатынын ескертеді. Олардың ішінде лямблиоз, лептоспироз, ротавирус, гепатит, дезинтерия мен холера тәрізді қауіпті инфекциялар бар.

Сол себепті суға түсетін жерде мұқият таңдау керек. ЖРВИ белгілері болса, денеде жарақат немесе зақымдалған жерлер болса, суға шомылудан бас тартқан дұрыс. Сонымен қатар, су тоғанындағы суды жұтуға болмайды. Суға түскеннен кейін міндетті түрде таза суға түсіп, сабынмен жуынған абзал. 

Айта кетсек, Қазақстанда да кейбір аймақта күн ысып, суға түсетіндер қатары көбейген. Алайда, аптап ыстық пен судың жылы болуына қарамастан коронавирус індеті таралмас үшін жағажайларға шектеу қойылып отыр.



Фото: дереккөз
Загрузка...