Бас жаңалықтар
Коронавирус: Алматыда анықталған екі адамның бірі Цюрихтан келген
25 Наурыз 2020, 12:48 381

Коронавирус: Алматыда анықталған екі адамның бірі Цюрихтан келген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл тураплы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында айтты.

Бүгінгі таңда қала бойынша 31 адмнан қауіпті вирус анықталған, оның екеуі бүгін тіркелді. 

Бір адам бұрын ауырған науқаспен жақын байланыста болған. Екінші адам жас қыз Цюрихтан келген. Ол таксимен пәтерге келген, алғашқы белгілерінен кейін медицина қызметкерлеріне хабарласқан. Сол жерден оқшауланды. Көп адаммен байланыста болмаған. Тест бүгін оң нәтиже көрсетті, - деді Молдағасымова. 

Оның айтуынша, қаладағы барлық ошақтар өңделіп, бақылауға алынған. Науқас анықталған үйдегі барлық подъездер де оқшауланған.

Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша коронавирус жұқтырған адамдар бойынша 15 ошақ анықталып отыр. Бұған дейін 11 еді, кейін ол бір адамның тұрғылықты жеріне сәйкес болмауына байланысты 10-ға кеміді. Қазір бұл көрсеткіш 15-ке жетті, - деді ол.

Сондай-ақ, ол санитар-эпидемиологтар 24 сағат бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатқанын айтты. Қауіпті вирус жайлы ақпарат тараған алғашқы күннен бері қызметкерлер арнайы қауіпсіз киімдермен сырттан келгендерді тексеруді жүргізуде. 

ҚР денсаулық сақтау министрінің тапсырмасымен бізге өзге өңірлерден қосымша эпидемиологтар жіберілді. Қаладағы блок-бекеттерде 84 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Олар үшін әкімдік тарапынан барлық жағдай жасалған, - деді Айзат Молдағасымова.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында коронавирусқа қарсы үй карантинінде болғанын айтып берді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...