Коронавирус: Қытайда қайтыс болғандар саны 2800-ден асты

29 Ақпан 2020, 09:48
1434
Бөлісу:
Коронавирус: Қытайда қайтыс болғандар саны 2800-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулік ішінде 47 адам қайтыс болды. 79 мыңнан астам COVID-19 жұқтырды.

Қытайда коронавирус жұқтырған адамдар саны 79 251-ге жетті. Олардың ішінде 2 835 адам қайтыс болды. Бұл туралы 29 ақпанда ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, 31 провинциядан жиналған мәліметтерге сәйкес коронавирус жұқтырғандар саны 79 51 адам болған. Қазір 37 414 адам ауырып жатыр (7664 адам ауыр халде), 39 002 адам ауруханадан шыққан және 2835 адам қайтыс болған. 

Соңғы тәулікте Қытайда 427 адам коронавирусты жаңадан жұқтырған және 47 адам қайтыс болған.


Өзгелердің жаңалығы